Бангладеште бір аптаға локдаун енгізілді

Бірақ үкіметтің бұл шешіміне қарсы кәсіпкерлер бас көтерді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ел астанасы Дакка көшелеріне шыққан саудагерлер биліктен дүкендерді жаппауды талап етті. Олар бетперде киіп, әлеуметтік қашықтық сақтап, ережеге сай жұмыс істеуге уәде берген. Бірақ құзырлы органдар ереуілшілердің жан-айқайына құлақ асқан жоқ. Себебі елде коронавирус өршіп барады. Соңғы аптада күніне 5 жарым мыңдай адам індет жұқтыруда. «Рейтер» агенттігінің анализі бойынша, бұл өте жоғары көрсеткіш.

Мұхаммед Әли Хусейн, кәсіпкер:

– Бірнеше супермаркет пен дүкенге иелік етемін. Барлық жұмысшымыз осында шеруге шықты. Былтыр локдаунға байланысты бір жыл бойы жұмыс істей алмадық. Биыл тағы шектеулер енгізіліп жатыр. Сонда біз шығындарымызды қалай жабамыз? Үкіметтен дүкендерімізді таңғы 9-дан кешкі 6-ға дейін ашық ұстауға рұқсат беруді талап етеміз.