Карантиннен қажыған Париж тұрғындары Сена өзенінің жағасына жиналды

Осының алдында ғана Францияда үшінші жалпыұлттық локдаун енгізілген еді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Халық коронавирустың ушыққанына және қабылданған шектеу шараларына қарамастан шуақты күннің астында отыруды қажеттілік деп тапқан. Кейбірі велосипед тепсе, біразы спорттың басқа түрлерімен айналысып жүр.

Сихам Уалиди, студент:

– Бізге аздап серуендеу қажет. Сабағым көп әрі тағлымдамадан өтіп жатырмын, қысқасы шаруа бастан асады. Оның үстіне, қазір карантин. Кеше күні бойы үйде отырдым, енді біраз серпілгім келеді.

Тұрғындар жаппай көшеге шығып кеткен соң, қадағалау міндеті полицияға жүктелді. Карантин талаптарын өрескел бұзғандарға айыппұл салынбақ. Айта кетейік, жаңа локдаун бойынша кешкі сағат 7-ден бастап таңға дейін коменданттық сағат күшінде болады. Бұл уақытта адамдарға тұратынан жерінен 10 шақырым аумақтан ары аттап басуға болмайды. Сондай-ақ 3 апта бойы мектептер мен балабақшалар жұмыс істемейді.

Жан-Себастьен Росадони, полиция басшысы:

– Пасхаға байланыста демалыс күндері Иль-де-Франс аймағы бойынша 6 мыңнан астам полиция қызметкерін кезекшілікке қойдық. Бұйрық бұлжытпай орындау дегенді білдіреді. Ережелер енгізілмес бұрын бірнеше апта бойы түсіндірілді. Енді оны ұстану қажет. Біз соны қадағалаймыз.