Иорданияның бұрынғы ханзадасы төңкеріс жасамақ болған

Иорданияда бұрынғы тақ мұрагері, ханзада Хамза ибн Хусейн үйқамаққа алынды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оған сыртқы күштермен бірлесіп, король Абдалла екіншіні тақтап тайдырып, төңкеріс жасауға әрекеттенді деген айып тағылған. Бұл туралы осы елдің сыртқы істер министрі Айман Сафади мәлімдеді. Оның айтуынша, жалпы 20-ға жуық адам қамауға алынған. Олар ақпараттық арандатуға дайындалып, ұлттық қауіпсіздікке қатер төндірген. Сыртқы істер министрінің мәлімдеуінше, бүлікшілер нақты іс-әрекетке кірісер кезде тұтылған.

Айман Сафади, Иорданияның сыртқы істер министрі:

– Тергеу барысында телефон қоңыраулары, оның ішінде шетелдік күштермен әңгімелер жазып алынды. Осыдан кейін король әулет ішіндегі жағдайды білу үшін Хамза ханзадамен тікелей сөйлесіп те көрді. Бірақ тіл табыса алмады.

Сондай-ақ...