Венада Иранның ядролық бағдарламасы бойынша келіссөздер басталады

Отырыста ресми Тегеранға қарсы санкцияларды алып тастау және атом келісімі бойынша алдағы қадамдар барысы сараланады, деп хабарлайды «Хабар 24».

АҚШ талқылауға қатысатынын мәлімдеген, бірақ Иран делегациясымен кездеспейді. Алайда Ақ үй парсы елінің басшылығымен болашақта жүздесу мүмкіндігін жоққа шығармайды. Әзірге АҚШ мәселелерді тек Ресей, Қытай және Еуроодақ елдерімен ғана талқылауға ниетті. Ал Иран санкциялар толық алынбайынша, ресми Вашингтонмен ешқандай мәмілеге келмейтінін ашық айтты.

Сондай-ақ...