Индонезияда су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсету қиынға соғуда

Индонезияның оңтүстік-шығысын қалың су басты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бірнеше күн толассыз құйған нөсер соңы алапат тасқын мен лай көшкініне ұласып, 55 адам ажал құшты. Тағы 40-тан астам тұрғын із-түзсіз жоғалып кеткен. Сондықтан жергілікті билік құрбандар қатары 100-ден асуы мүмкін деп дабыл қағуда. Мыңдаған тұрғын баспанасынан айырылды. Лай көшкіні мен үйілген қоқыс жолдарды жауып, электр желілері үзілген. Осыған байланысты зардап шеккендерге көмек көрсету қиынға соғып жатыр.

Дэвид Самбар, жергілікті тұрғын:

– Менің ауылымда су деңгейі кісі бойынан асады. Тасқынның беталысы жаман. Әзір басылмайтын сияқты. Біздің ауылға үкімет тарапынан шұғыл көмек керек.