Бангладеште жолаушылар паромы апатқа ұшырады

Бангладеште 50-ден астам жолаушысы бар паром жүк кемесімен соқтығысып, суға батып кеткен, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, құтқарушылар қаза тапқан 5 әйелдің мәйітін тапқан. Сондай-ақ 11 адам жағаға өздері жүзіп жеткен. Қалған жолаушылар іздестірілуде. Полиция құтқару ісіне кірісуге қолайсыз ауа райы мен өзендегі үлкен толқындар кедергі келтірген.

БЛИЦ:

– Паром кеше түнде апатқа ұшырады. Содан бері 5 адамның ғана мәйіті табылды. Қалғаны қайда?

– Премьер-министрге айтар датым бар. Паромда болған ата-анамды тез арада тауып берсін.

Индонезияның Ява аралында да жүк кемесі мен балықшылар қайығы соқтығысып, 2 адам жан тапсырды. «Associated Press» агенттігінің жазуынша, 15 балықшы құтқарылып, тағы 15-і із-түзсіз жоғалып кеткен. Оларды арнайы сүңгуірлер тобы іздестіріп жатыр. Шикі мұнай тиеген жүк кемесінің ескіш винті балықшы қайықтан тасталған ауға оралып қалған.