Токиода үй жануарларына арналған жәрмеңке ашылды

Ерекше іс-шара 4 күнге созылады. Онда 320 компания он мыңнан астам өнім ұсынған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олардың арасында ит-мысыққа арналған киім-кешек пен тағамнан бастап, жоғары технологиялық заттарға дейін бар. Солардың біреуі – ақылды әжетхана. Ол бетіне жанасқан жануарлардың салмағының қалай өзгергені туралы мәліметті иесінің ұялы телефонына жіберіп тұрады. Сондай-ақ төрт аяқтыларға арналған 5 деңгейлі ауа баптағыш та сатылымда. Бағасы 300 доллардай. Мәлімет бойынша, Жапонияда қазір 18 миллиондай мысық пен ит бар екен. Оларға жұмсалатын шығын көлемі 45 миллион доллардан асқан. Бұл осы елдегі жалпы ішкі өнімнің 1 проценті.

БЛИЦ:

– Мен үшін итімнің орны бөлек. Ол – отбасымыздың маңызды мүшесі. Сондықтан оның денсаулығына қажетті деген қымбат өнімдердің бәрін сатып аламын.

– Адамдар қазіргі індет кезінде үй жануарларымен көп уақыт өткізетін болды. Сондықтан нарықта біраз жаңа компаниялар пайда болды. Бұдан экономикаға жан бітті.