433,55 515.14 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Үндістанда коронавирус жұқтырудың күнделікті көрсеткіші алғаш рет 103 мыңнан асты

  • 70
  • UPD: 15:37, 05.04.2021
Үндістанда коронавирус жұқтырудың күнделікті көрсеткіші алғаш рет 103 мыңнан асты

Осылайша бұл ел АҚШ-тан кейін әлемде екінші орынға шықты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Вирус жұқтырғандардың жартысынан көбі Махараштра штатында анықталған. Осыған байланысты аталған аймақта түнде коменданттық сағат және демалыс күндері локдаун енгізілді. Бұл өңірде Үндістанның қаржылық орталығы Мумбай қаласы орналасқан. Бүгін кешкілік уақыттан бастап Махараштра штатында сауда орталықтары, кинотеатрлар, мейрамханалар, шарапханалар мен құлшылық орындары жұмыс істемейді.

Суапна, жергілікті тұрғын:

– Үкіметтің шектеу енгізіп, адамдар көп жиналатын орындарды жапқаны өте дұрыс шешім болды. Өршіп бара жатқан инфекцияны тез арада ауыздықтауымыз керек. Әйтпесе жағдайымыз қиын.

Хабар 24 телеарнасы