Венесуэлада қатаң карантин ұзартылды

Венесуэлада қатаң карантин ұзартылды

Венесуэлада қатаң карантин тағы бір аптаға ұзартылды. Өйткені коронавирусты жұқтыру деректері азаймай отыр.

Өткен аптада мұнда тәуліктік өсім бойынша антирекорд тіркелді. Соңғы 7 күнде ковид-науқастар саны бірден 70 процентке артып кеткен екен. Мамандар мұны вирустың мутацияларымен байланыстырып отыр. Мәселен, бразилиялық штамм Венесуэланың 13 штатында тіркелген екен. Коронавирустың тарауын тежеу үшін бүгіннен бастап Колумбиямен арадағы шекара жабылады. Мұнан бөлек осы аптада парламент отырыстары өтпейтін болды.

Николас Мадуро, Венесуэла президенті:

- Вирустың тарауын тежеу үшін қатаң каратинді тағы 7 күнге ұзартуға мәжбүрміз. Кейбір елдер тиісті қадамға бармай отыр, енді біреулері шешімді кеш қабылдап жатыр. Салдарынан ол мемлекеттерде эпидемиолиялық ахуал өршіп кеткен. Ал біз оған жол бермеуіміз керек.