425,73 504.32 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Украинада такси ақысы қымбаттады

  • 286
  • UPD: 23:30, 05.04.2021
Украинада такси ақысы қымбаттады

5 сәуірден бастап Киев қаласында карантин ережелері қатаңдатылады. Балабақша мен мектептер жабылды. Метро, автобус сынды қоғамдық көлік түрлерімен тек арнайы рұқсат қағазы бар адамдар қатынайды.

Қысылтаяң шақта қаладағы такси қызметі бағаны бірден 3-4 есеге арттырып жіберген. Бұрын 1,5-2 шақырым үшін 60 гривен, шамамен 2-3 доллар болса, қазір бұл баға 200 гривеннен асып тұр.

Жүргізушілер «біз денсаулығымызға қауіп төнгеніне қарамастан, жұмысты жалғастырып жатырмыз, бағаның көтерілгені әділ» деп ақталады.

Қала басшылығы мен полиция «такси қызметінің лицензиясын тағы да тексереміз» деп мәлімдеді. Қазір Украинада ковид жұқтырғандар саны тәулігіне он мың адамнан асады. Күніне дерттен 300-ге жуық науқас қайтыс болады.

Ольга, Киев тұрғыны:

- Қазір такси қызметінің бағасы шынымен де қымбаттай түсті. Қоғамдық көлікке арнайы рұқсат қағазы жоқ немесе әлі жасатып үлгермеген адамдар таңертең такси құны қатты шарықтап кеткеніне куә болады. Баға бірден үш есеге өсті. Бұрын белгілі бір арақашықтық үшін 70 гривен болса, қазір 300. Үш есе қымбаттап кетсе де такси табу қиын, машина жетіспейді.

Хабар 24 телеарнасы