431,93 515.14 5.64
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Венециядағы танымал Вапоретто кемесі вакциналау орталығына айналды

  • 64
Венециядағы танымал Вапоретто кемесі вакциналау орталығына айналды

Венециядағы танымал қоғамдық көлік Вапоретто кемесі вакциналау орталығына айналды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Өйткені жасы үлкен кейбір тұрғындар денсаулығына байланысты екпе салдыратын орындарға жете алмайды. Оның үстіне вирус жұқтырып алудан қорыққан жұрт жүріс-тұрысын шектеген. Сондықтан кеме жағалауға аялдап, егде жастағы тұрғындар тура су көлігінің ішінде екпе қабылдай алады.

Эдгардо Контато, Венеция денсаулық сақтау басқармасының өкілі:

- Біз Сант-Эразмо аралындамыз. Мұнда жасы 80-нен асқан тұрғындарға вакцина салынып жатыр. Олардың арасында денсаулығына байланысты екпе орталығына келе алмайтын қарттар бар. Осы ретте Вапоретто вакциналау орталығына айналдыру шешімін қабылдадық. Сонда егде жастағы тұрғындар алыс жерге бармай-ақ екпе салдыра алады.

Хабар 24 телеарнасы