Далласта жәрдем көлігін ұрлаған ер адам полицейлерді әбігерге салды

АҚШ-тың Даллас қаласында ер адам тапа тал түсте көлік ұрлады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ол жедел жәрдем көлігіне міне қашып, қуып жеткісі келген тәртіп сақшыларын әуреге салды. Әккі жүргізушіні полиция 2 сағат бойы тоқтата алмады. Әлгі адам бірнеше көшені қиып өтіп, көгалмен де, жаяу жүргіншілер жолымен де қашқан. Ақыры қоршауға тап болып, енді жаяу құтылып кетуді ойлағанда қолға түсті. Бес бірдей қуғыншының құрсауына түсіп, тұтылды. Полиция әлгі азаматты қамауға алды. Билік өкілдерінің айтуынша, жедел жәрдем көлігі жергілікті өрт сөндіру мекемесінің жанынан ұрланған.

Сондай-ақ...