Бельгияда вакцина алудың «қосымша тізімі» жасалды

Бүгіннен бастап Бельгияда жасы 18-ден асқан кез келген азамат «қосымша тізім» бойынша екпе салдыра алады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жаңа жүйе әр дозаны жеке-жеке алу ісін тиімді жолға қою мақсатында жасалған. Кезекте тұрғандар вакциналауға келмей қалатын жағдай жиі кездеседі. Ал алдын ала дайындалған препарат жоспарлы уақытта егілуі тиіс. Себебі әрі қарай сақтау қиындық тудырады. Осы кемшіліктің орнын толтыру үшін тұрғындарға жаңа электронды платформаға тіркелуге мүмкіндік жасалды. Жүйеге тіркелгендер вакциналау орталығына келе алады. Бірақ егде тұрғындарға бірінші кезекте басымдық беріледі. Яғни, елден бұрын келіп екпе салдыруға рұқсат жоқ.