Индонезия мен Шығыс Тиморда су тасқынынан көз жұмғандар саны 157 адамға жетті

Индонезия мен Шығыс Тиморда су тасқыны мен лай көшкінінің салдарынан кем дегенде 157 адам көз жұмды.

Бұл туралы жергілікті биліктің мәліметтеріне сүйене отырып Agence France-Presse хабарлайды.

Табиғи апаттарды жою жөніндегі агенттіктің ақпаратына сәйкес, аралда қайтыс болғандар саны 130 адамды құраса, Шығыс Тиморда 27 өлім тіркелген.

Бұған дейін Reuters табиғи апаттан қайтыс болғандар саны 113-ке жеткенін мәлімдеген.