432,26 519.25 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Оңтүстік Кореяда карантин ережелерін бұзғандарға жаза күшейтілді

  • 87
  • UPD: 14:59, 06.04.2021

Оңтүстік Кореяда карантин ережелерін бұзғаны үшін жаза күшейтілді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оған себеп – коронавирустың төртінші толқынының қаупі. COVID-19 науқастарының күнделікті саны 400-ден 500-ге дейін өсті. Бұл бір аптадан астам уақыт бойы жалғасуда. 5 сәуірден бастап карантин ережелерін бұзған ойын-сауық орындары жабылып, олардың иелері үлкен айыппұл төлейді. Өткен түнде Сеулде караоке-барлар тексерілді. Инспекторлармен бірге рейдке арна тілшісі Владислав Цой қатысты.

Владислав Цой, тілші:

- Тексеру Сеулдің әйгілі Каннам ауданында басталды. Журналистер, қалалық мэрия қызметкерлері, аурулардың алдын алу орталығы және полиция екі топқа бөлінді. Алғашқы караоке клубта демалушы жоқ екен, дегенмен, тиісті талапқа сай барлық ережелер сақталыпты. Әр бөлмеде зарарсыздандыру құралдары бар. Әрбір микрофон үшін бір реттік қорғаныш заты қарастырылған.

Күтпеген жерден тексеруге келгендер караоке-клубтың ішіне бірден кіре алған жоқ. Өйткені инспекторлар да QR-кодын белгілеуге тиіс.

Келушілер инспекторлар туралы естіп бетперде киіп үлгереді. Бірақ караоке-клубтар иелері өз жұмысындағы кемшіліктерді тез арада түзете алмады. Олардың кейбіреулері әлі күнге дейін клиенттердің келуі есебін QR-кодтары арқылы емес қолмен жүргізеді.

Ал мына клубтағы демалушы салып отырған әнін аяқтап үлгермеді. Залда отырғандар өз сапарын тіркемегендер қатарынан болып шықты.

Ким Се Гон, Сеул қалалық азық-түлік саясаты бөлімінің қызметкері

- Карантин ережелерін бұзғандарға 1,5 миллион вон айыппұл салынып, мекеме екі аптаға жабылады. Егер клиент QR-код арқылы тіркелмесе, оған 100 мың вон айыппұл салынады.

Тексеру кезінде 11 караоке-барда карантин ережелерін бұзылуы анықталды. Бірақ инспекторлар тексерген мекеме иелері ереже бұзғаны үшін қандай жаупкершілік күтіп тұрғанын енді білетін болады. Көңіл көтеру орындарын тұтқиылдан тексеру екі апта бойы жалғасады.

Авторлары: Владислав Цой, Ольга Лян

Хабар 24 телеарнасы