Мьянмадағы қақтығыстардан қаза тапқандар саны 570 адамға жетті

Мьянмада 1 ақпанда басталған әскерилер мен оппозиция арасындағы қақтығыстардан қаза тапқандар саны 570 адамға жетті.

Бұл туралы ақпарат осы елдегі Саяси тұтқындарға көмек беру қауымдастығының сайтында жарияланды. Қоғамдық ұйым таратқан мәліметке сай бас-аяғы 2800-ге жуық белсенді ұсталған. Олардың ішінде 38-і сотталып, түрмеге қамалды. Жергілікті билік тағы 500-дей адамды қамауға алмақшы. Енді осыған байланысты Ел астанасы Янгонда ереуілшілер тағы наразылық шарасын өткізіп жатыр.

Блиц:

- Қызыл бояумен наразылық білдіру халықты көшеге шығуға ынталандыру үшін жасалған креативті ойларымыздың бірі. Бұл қызыл бояу құрбан болған қаһармандарымыздың қанын білдіреді. Олардың төгілген қаны ешқашан құрғамайды. Жеңісті күндер алыс емес.