430,39 515.14 5.65
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

AstraZeneca компаниясының екпесі мен тромбоз байланысы расталды

  • 79
  • UPD: 21:02, 06.04.2021
AstraZeneca компаниясының екпесі мен тромбоз байланысы расталды

AstraZeneca компаниясының коронавирусқа қарсы вакцинасы мен тромбоздың пайда болуы арасында байланыс бар, деп хабарлайды «Хабар 24».

Дәрілік заттардың еуропалық агенттігі осындай қорытындыға келді. Бұған дейін әлемнің бірнеше елінде екпе салдырған адамдарда кейін қанның ұюы байқалды деген ақпарат пайда болған. Алайда осы мәселеге қатысты тергеу жүргізген Дәрілік заттардың еуропалық агенттігі өткен айда препараттың қауіпсіз әрі тиімді екенін мәлімдеді. Бірнеше мемлекет вакцинаны қолдануды уақытша тоқтатқан еді. Алайда еуропалық агенттіктің мәлімдемесінен кейін кейбірі екпе жұмыстарын қайта жалғастырып кеткен. Енді мекеме осы аптаның ішінде препараттың қауіпсіздігіне қатысты баяндама жария етуі тиіс. 

Хабар 24 телеарнасы