Австрияда локдаун мерзімі ұзартылды

Австрия билігі локдаунды 18 сәуірге дейін ұзартты. Бұл туралы осы елдің канцлері Себастьян Курц  мәлімдеді.

Айтуынша, шектеулер тек мамыр айында ғана жеңілдетілуі мүмкін. Бірақ бұл вакциналаудың қарқынына байланысты. Үкімет басшысы шілдеге қарай 50-ден асқан тұрғындар екпе салдыра бастайды деп сенім білдірді. Тек Еуропалық дәрі-дәрмек агенттігі коронавирусқа қарсы препараттарды тез арада мақұлдауы керек. 

Себастьян Курц, Австрия канцлері:

- Шектеулер Австрияның 9 штатының алтауында күшейтіледі. Келесі айда күн жылынып, маусымдық өзгерістерге байланысты жағдай жақсарады деп сенеміз. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Еуропалық Дәрі-дәрмек агенттігінің сылбыр іс-әрекетін бірнеше рет сынады. Бәріміз де вакциналардың қауіпсіз және тиімді екеніне мүмкіндігінше тез арада көз жеткізгіміз келеді.