Мексикада жол апатынан 16 адам қаза тапты

Мексикада ірі жол апаты болып, 16 адам көз жұмды. Тағы 14 кісі жарақат алды.

Белгілі болғандай, елдің солтүстігінде АҚШ шекарасына жақын жерде кен өндіру кәсіпорнының екі қызметтік көлігі соқтығысып қалған. Сөйтіп, фургонда отырған 16 жолаушының бәрі оқиға орнында қайтыс болды. Ал автобус ішіндегі кеншілер түрлі деңгейде жарақат алып, ауруханаға жеткізілген.

Жол апатының себебі әзірге белгісіз. Полиция тергеу жұмыстарын бастады.