NASA Марста тікұшақ ұшыруға дайындалып жатыр

NASA 11 сәуірде Марста Ingenuity тікұшағын ұшыруды жоспарлап отыр.

Бұл тікұшақты Жерден тыс аймақта алғаш рет ұшыру болмақ. Оның трансляциясын әлеуметтік желілерден және NASA-ның сайтынан көруге болады.

«Ұшу күні өзгеруі мүмкін, өйткені инженерлер ұшу алдындағы тексеру және жетілдіру бойынша жұмыс істеуде», - делінген NASA хабарламасында.

Бірінші ұшу кезінде тікұшақ үш метр биіктікке көтерілуі керек. Одан кейін ол планета бетінен бес метр биіктікте ұшады деп жоспарланған.