Польшада қатаң карантин өз нәтижесін берді

Польшада коронавирусқа байланысты шектеу шаралары өз нәтижесін берді. Денсаулық сақтау министрі осылай деп отыр.

Айтуынша, катаң карантин енгізілген 4 өңірде науқастар саны азайып келеді. Соңғы тәулікте елде 10 мыңға жуық жаңа дерек расталған. Ал он шақты күн бұрын бұл көрсеткіш 3 жарым есе жоғары болатын.

Айта кеткен жөн, Польшада наурыздың соңында жалпыұлттық карантин жарияланған. Балалар қашықтан оқу жүйесіне көшірілді. Қонақүйлер, сауда орталықтарындағы дүкендер, кинотеатр, театр, мұражай, сән салондары, бассейндер мен спорттық нысандар жабық тұр.

Ярослав Гуцва, аурухана директоры:

- Әрине денсаулық сақтау саласына үлкен ауыртпалық түсіп отыр. Дегенмен, былтырмен салыстырғанда қазір жағдай әлдеқайда жақсы. Өткен жылы жәдел жәрдем көліктері ауруханаға науқасты қалдыру үшін сағаттап кезекте тұратын.

Сондай-ақ...