General Motors электр тоғымен жүретін пикап шығарады

Американдық «Дженерал Моторс» компаниясы Шевроле Силверадо пикапының электрлі нұсқасын шығара бастайды.

Жаңа өндіріс келесі жылдың аяғында басталады. Бұл туралы автоконцерн президенті Марк Ройс мәлімдеді. Көліктер Детройт қаласындағы зауытта жасалмақ. Тоқ мәшинеге компанияның қуаты 600-ден астам шақырымға жететін аккумуляторлы батареялары салынады.

Өндірушілердің айтуынша, пикап «Форд» пен «Теслаға» бәсекелес болуы керек. Алғашқы көліктер 2023 жылдың басында саудаға түседі деп күтілуде.

Марк Ройс, GENERAL MOTORS президенті:

- Біз батыл шешімдер қабылдап жатырмыз. Осылайша жол-көлік апаты мен ауаға бөлінетін зиянды газ қалдықтарының көлемін қысқартуды қалаймыз. Бұл мақсаттарға 2025 жылға дейін жету үшін 27 миллиардтан астам доллар бөлеміз.