Чилиде ковидтің өршуіне байланысты сайлау кейінге қалды

Чилиде сәуірдің 10 мен 11-і өтуі тиіс болған сайлау кейінге шегерілді. Тиісті заңға ел президенті Себастьян Пиньера қол қойды.

Жаңа құжат бойынша губернаторлар мен мэрлерді және қалалық кеңес пен Құрылтай жиналысының мүшелерін сайлау 15-16 мамырға ауыстырылды. Бұған коронавирустың өршуі себеп. Осы аптада 5164 адам індет жұқтырған. Билік 5 сәуірде ғана ел шекарасын жабуға шешім қабылдаған болатын. Соңғы 2 айда халықтың 35 проценті вакцина салдырған.

Себастьян Пиньера, Чили президенті:

- Біз халықтың денсаулығы мен өмірін қауіпті жағдайға қалдыра алмаймыз. Мамырдың ортасына қарай елдегі эпидемиологиялық жағдай жақсарып, азаматтардың сайлауға көп болып қатысуына мүмкіндік туады деп сенеміз.

Сондай-ақ...