Данияда ковид-төлқұжаттар беріле бастады

Оны коронавирусқа қарсы екпе салдырған тұрғындар алады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тиісті сертификат мейрамхана, кинотеатр мен спорттық залдарға кіргенде талап етіледі. 21 сәуірден бастап құжат иелері галерея, мұражай мен кітапханаларды да емін-еркін аралайды. Билік «соның арқасында қалыпты өмірге тезірек ораламыз», дейді. Алайда Денсаулық сақтау ұйымының өкілдері бұл идеяны құптамай отыр. Олар төлқұжат кемсітушілікке жол беретінін айтады.

Маргарет Харрис, ДДСҰ ресми өкілі:

- Өзге ел аумағына өтуде вакциналау төлқұжатының талап етілуі дұрыс емес. Өйткені кейбір адамдар нақты бір себептермен екпе қабылдай алмайды. Мәселен, көп елде жасы 18-ге толмағандар мен аяғы ауыр келіншектер препаратты алып жатқан жоқ. Тіпті вакциналау әлі басталмады. Демек, ол ел азаматтарының құқығы шектелуі мүмкін.

Сондай-ақ...