433,40 515.14 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Бразилияда коронавирус салдарынан 17 млн тұрғын кедейге айналды

  • 119
  • UPD: 23:33, 07.04.2021
Бразилияда коронавирус салдарынан 17 млн тұрғын кедейге айналды фото: Газета.ру

Бразилияда кедейлік деңгейі биыл үш есе өсті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Арнайы жүргізілген зерттеу нәтижесі бойынша, биылғы 3 айда жарлы-жақыбайлар саны 17 миллион тұрғынға жеткен. Бұл жергілікті халықтың шамамен 13%-і. Олардың ай сайын тапқан табысы 44 долларға да жетпейді. Сарапшылардың айтуынша, кедей-кепшіктің көбеюіне коронавирус індетінің тікелей әсері бар. Өткен жылдың сәуірінен желтоқсан айына дейін 66 миллион тұрғын үкіметтен жәрдемақы алған. Бірақ соңғы айда ақшалай көмек қысқарып қалды.

Марсело Нери, зерттеу қорының директоры:

- Қаржылай көмек беру мәселені шешпесе де, мұны маңызды қадам деп қарастыруға болады. Кедейліктен құтқарудың тағы бір жолы жаппай вакциналау. Бірақ вакцина толық жеткізілгенше, әлеуметтік арақашықтық сақтау және үйде отыру сияқты талаптарды қатаң ұстанған жөн.

Родриго Афонсо, «Азаматтық іс-әрекет» ұйымының директоры:

- Негізі індет аштық әкелмейді. Бұл жоқшылық індетке дейін болған. Коронавирус тек жағдайды ушықтыра түсті. Жаппай жұмыссыздық жайлады.

Хабар 24 телеарнасы