Чилиде парламенттік сайлау кейінге шегерілді

Оған коронавирус себеп. Негізі, әуелде сайлау осы аптаның аяғына белгіленген еді.

Бірақ енді саяси дода мамырдың ортасында өтетін болды. Латын Америкасының өзге елдерімен салыстырғанда Чилиде вакциналау қарқынды жүріп жатыр. Осы күнге дейін тұрғындардың үштен бірі екпе алған. Жан сақтау бөліміндегі қарт кісілердің саны азайған. Алайда соған қарамастан, коронавирусты жұқтыру деректері әлі азаймай тұр. Кейінгі тәуліктің өзінде мұнда 5 мыңнан аса оқиға тіркелді.

Себастьян Пиньера, Чили президенті:

- Біз сайлауды 5 аптаға кейінгі шегеріп, 15 және 16 мамырға белгіледік. Ол кезге дейін елдегі эпидемиологиялық ахуал жақсарады деген үміттеміз. Сонда тұрғындарымыздың денсаулығына қауіп төнбей, дауыс берушілер жоғары белсенділік танытатын болады.