Швейцарияда биткоинмен салық төлеуге болады

Швейцарияның Цуг өңірінің билігі тұрғындарға биткоинмен салық төлеуге рұқсат берді.

Былтыр ұқсас бастама елдің тағы бір аймағында қолға алынған. Негізі криптовалютамен айналысатын фирмалардың көбі Швейцарияда бизнес жүргізеді. Өйткені мұнда ол үшін қолайлы жағдай жасалған және қоғамда цифрлық валютаға қатысты оң көзқарас қалыптасқан. Дегенмен ірі банктер әлі күнге дейін криптовалютаға күдікпен қарайды.