Мексикадағы мұнай өңдейтін зауытта алты жарылыс болды

Pemex мемлекеттік компаниясына тиесілі кәсіпорын аумағында бір сағаттың ішінде алты жарылыс болды.

Мексиканың шығысында сәрсенбіден бейсенбіге ауған түні, 8 сәуірде, мұнай өңдейтін Ласаро-Карденас-дель-Рио зауытында алты жарылыс болды. Бұл туралы ТАСС хабарлайды.

БАҚ мәліметінше, алғашқы жарылыс жергілікті уақытпен 16:50-де болған. 45 минуттың ішінде тағы бес жарылыс тіркелген.

Өртпен күреске зауыт қызметкерлері, муниципалды және аймақтық құтқару қызметінің жұмысшылары жұмылдырылды. Бұл төңірек толықтай қоршауға алынған.

Pemex-тегілер қызыл жалыннан жеті адам зардап шеккенін айтады. Олардың арасында бес өрт сөндіруші мен зауыттың екі қызметкері бар.

«Қазір олар ауруханада, тиісті көмек көрсетіліп жатыр», – делінген мәлімдемеде.