Ресей Сібірдің шалғай аудандарына арнайы медициналық пойыз жіберді

Мамандар 100-ге жуық станцияда аялдап, шалғайдағы жұрты вирусқа қарсы егеді.

Наурыз айында да маманданған топ дәл осы бағдармен жүріп өтіп, алыстағы өңір тұрғындарына коронавирусқа қарсы екпе салған еді. Енді араға 3 апта салып, сол азаматтар вакцинаның екінші дозасын алатын болады. Темір жол көлігінің іші қажетті құрылғымен жабдықталған. Екпе салдырмас бұрын тұрғындарды терапевт-дәрігер тексереді. Негізі вакциналау ғана емес, алыстағы елге медициналық кеңес беру де жоспарда бар.

Роман Дерягин, дәрігер:

– Адамдар коронавирусқа қатысты жағдайдың қаншалықты қауіпті екенін түсіне бастады. Сондықтан өздері мен жақындарының денсаулығына көп көңіл бөлетін болды. Яғни тексеруден өтіп, екпе салдырып жатыр.