Эквадорда ұшақ апатқа ұшырады: құрбан болғандар бар

Эквадорда Гуайас провинциясында жеңіл моторлы ұшақ апатқа ұшырады.

Ол алқапқа құлаған. Ұшақ апатынан кем дегенде алты адам қаза болды, деп жазады El Universo.

Қаза тапқандар арасында экипаждың екі мүшесі мен төрт жолаушы бар. Ел билігі оқиғаға байланысты тергеуді бастады.