Space X компаниясы ғарышқа 60 спутник ұшырды

«Спейс-Икс» компаниясы ғарышқа 60 шағын жерсерігін аттандырды. Бұл ғарыш құралдары интернет желісін тартуға арналған.

Зымыран АҚШ-тың Канаверал мүйісіндегі ғарыш айлағынан жіберілген. Бұл «Спейс-Икс» ғарыш құралдарының биыл 10-рет көкке көтерілуі. Компанияның негізін қалаушы Илон Масктың жоспары бойынша орбитадағы интернет жерсеріктерінің саны 1 мың 440-қа жеткізілмек. Бұл жоба «Стар Линк» деп аталады.