Израиль билігі елге шетелдіктердің кіруіне қатысты ережелерді өзгертті

Израиль билігі елге шетелдіктердің кіруіне қатысты жаңа ережелерді жария етті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Енді еврей мемлекетіне осында жақын туысы бар азаматтар ғана келе алады. Бірақ олар COVID-19-ға қарсы екпе салдырған болуы тиіс. Немесе коронавирустан айығып шыққанын растайтын құжатты көрсету керек. Айта кеткен жөн, бұрынғы ереже бойынша Израильге тек ел азаматтары мен осында тұруға ықтиярхаты бар адамдар ғана кіре алатын. Ал шетелдіктерге рұқсат тек ерекше жағдайда ғана берілген еді.