АҚШ-та екі вакцинация орталығы жабылды

АҚШ-та Johnson & Johnson компаниясының екпесімен коронавирусқа қарсы жаппай вакцинация жүргізетін екі орталық жұмысын уақытша тоқтатты.

Оған себеп бірнеше адамнан жағымсыз реакцияның анықталуы болды. Бұл туралы Wall Street Journal жазды. Солтүстік Каролина мен Колорадодағы вакцинация орталықтары жұмысын тоқтатқан.

Бірінші орталық вакцинацияланған 18 адамнан байқалған жаңама әсерден кейін жабылды. Екінші орталық бас айналу мен жүрек айнуға байланысты адамдардан түскен шағымдардан кейін жұмысын тоқтатты.

Сондай-ақ...