Түркияда соңғы бір тәулікте 56 мыңға жуық адам коронавирусты жұқтырып, жаңа антирекорд орнады, деп хабарлайды «Хабар 24».
Елде наурыз айынан бері індеттің таралуы 3,5 есе артып, соңғы он күнде жетінші рет вирусты жұқтырудың жоғарғы көрсеткіші тіркеліп отыр. Анкара, Ыстамбұл қалаларымен бірге елдің 81 провинцияның 58-і «қызыл аймаққа» енгізілген. Елде бірер апта бұрын індеттің өршуіне байланысты демалыс күндері коменданттық сағат та жарияланған еді. Бірақ жағдай оңалмай тұр.