Солтүстік Ирландияда тәртіпсіздіктер тыйылмай тұр

Солтүстік Ирландияда тәртіпсіздіктер тыйылар емес, деп хабарлайды «Хабар 24».

Өткен түні Белфаст жастары тәртіп сақшыларына бөтелке лақтырып, отшашу атты. Осыған байланысты жергілікті полицейлер ашуға булыққан топқа қарсы суатқыштар қолданған. Ал бұған дейін азаматтар резеңке мен қоқыс жәшіктерін өртеп жіберген. Оның алдында автобусты басып алып, өрт қойған болатын. Абырой болғанда, ешкім зардап шеккен жоқ. Қолда бар мәлімет бойынша жастардың қала көшелерінде ойран салуына ішкі жанжал мен Брексит шарттарына наразылық себеп болған.