Моңғолияда карантиннің зардабын көріп отырғандарға қаржылай көмек көрсетіледі

Карантин талаптары күшейтілетіндіктен, Моңғолия билігі әр азаматқа 300 мың тугрик, яғни, 105 доллар көлемінде қаржылай көмек көрсету туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ақшалай жәрдем шектеу шараларына байланысты үйлерінен шыға алмай отырған тұрғындарға беріледі. Ол үшін әр азамат банктен есеп-шот ашуы тиіс. Ал қаржы мемлекеттік қордан бөлінеді. Сонымен бірге билік вакцина салдырған адамдарға 2-3 апта үйде демалуға рұқсат беріп отыр. Айта кетейік, Моңғолияда ертеңнен бастап қатаң карантин режимін енгізу жоспарланған.