Иран қаңтарда Парсы шығанағында ұстаған оңтүстіккореялық танкерді босатты

Иран биыл қаңтар айында Парсы шығанағында ұстаған оңтүстіккореялық танкерді босатты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұқаралық ақпарат құралдары 12 экипаж мүшесінен тұратын кеме Иран портынан теңізге шыққанын хабарлайды.

Еске сала кетейік, Иран бұл танкердің экипажын Ормуз бұғазында экологиялық талапты бұзды деп айыптап, қамауға алған. Бұған дейін Оңтүстік Корея ел ішіндегі банктерде сақтаулы Иранға тиесілі 7 миллиард долларды бұғаттағанын айтып кету керек. Тегеран сол себепті де кемені осы уақытқа дейін ұстап тұруы мүмкін деген болжам бар. Алайда ресми Тегеран бұл айыпты жоққа шығарған болатын.

Сондай-ақ...