Нигерияда қарулы топтардың 24 мүшесінің көзі жойылды

Нигериядағы Кадуна штатында қарулы топтардың 24 мүшесінің көзі жойылды.

Кадуна штатының ішкі қауіпсіздік және ішкі істер комиссары Сэмюэл Арованның айтуынша, қарулы топтарға қарсы операция авиацияның қолдауымен Бирнин Гварди ауылында өтті, деп жазады aa.com.tr.

Оның айтуынша, операция барысында қарулы топтардың көптеген мүшелері жарақат алып, жасырынған.

«Бұл топтардың баспаналары жойылып, көптеген оқ-дәрілер тәркіленлі», – деп атап өтті Аруван.

Бұрын Нигерияның бірқатар штатында мотоциклдерді пайдалануға тыйым салынды, өйткені көліктің бұл түрі елдегі шабуылдарда жиі қолданылады.