Австралия Pfizer вакцинасына тапсырыс көлемін екі есеге ұлғайтты

Бұған дейін Австралия билігі екпе егу науқанын негізінен AstraZeneca препаратымен жүргізуді жоспарлап, дәрінің 50 миллион данасына тапсырыс берген болатын, деп хабарлайды «Хабар 24».

Алайда аталған вакцинаны салдырғаннан кейін тромбоздың пайда болу қаупіне байланысты бастапқы жоспарын өзгертуге тура келді. Сөйтіп, Pfizer вакцинасының тағы 20 миллион дозасына тапсырыс берді. Осылайша, 50 жасқа дейінгі азаматтарға енді тек Pfizer препараты салынбақ. Ал одан асқандарға бұрынғыша британ-швед өнімі салына береді-міс.