Израиль жағалауында сирек кездесетін тасбақалар теңізге жіберілді

Израиль жағалауында мұнайдың төгілуінен зардап шеккен бірнеше тасбақа қайтадан Жерорта теңізіне жіберілді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Айта кетейік, жойылып кету қаупі төніп тұрған бұл жануарларды жергілікті рейнджерлер өлім аузынан құтқарып қалған болатын. Олар бауырымен жорғалаушылардың үстіне жабысқан шайырды түгел алып, асқазандарын жуып шыққан.

Естеріңізде болса, ақпанның ортасында Израиль суларына мұнай төгілген еді. Соның салдарынан 29 өлі тасбақа жағаға шығып қалды.

Шаул Голдштейн, Израиль Табиғат пен саябақтарды қорғау жөніндегі басқарма басшысы:

- Олар өте ерекше жануарлар. Теңізге оралып, аман қалған әр тасбақа популяцияны көбейтуге көмектеседі. Теңіз тасбақаларын тек біз ғана емес, болашақта біздің балаларымыз да көре алады деп үміттенемін.

Сондай-ақ...