II Нобель фестивалі онлайн форматта өтіп жатыр

Әлемнің озық ойлы ғалымдары бас қосатын Нобель фестивалі биыл да жалғасты.

Дәстүрлі іс-шара онлайн форматта өтіп жатыр. Осы жолы қатысушылар «Жарқын болашақ құру» тақырыбында өз пайымдарын жеткізеді. Ал бүгін әр елдегі білім беру жүйесінің күнгейі мен көлеңкелі тұстары айтылды. Бұрын бір мемлекетті екіншісінен жер аумағы мен адам саны ерекшелеп тұратын. Бүгінде халқының сауаты мен білім деңгейіне қарап баға беріледі дейді ғалымдар. Бұл тұрғыда отандық мамандар да пікір бөлісті.

Айта кетейік, сәуірдің 12-сі мен 16-ы аралығында ғылым саласының майталмандары елдегі жоғары оқу орны студенттеріне дәріс оқиды. Олардың сегізі – Нобель сыйлығының иегері.