Германияда бір күннің ішінде 656 мың адамға вакцина егілді

Оның жартысын отбасылық дәрігерлер жасаған.

Енді вакцинаны екпе орталықтарымен қатар аудандық емханаларда да салуға болады. Саясаткерлер процесті үдетуге уәде берді. Үкімет бір айда халықтың 20 процентіне екпе жасауды көздеп отыр.

Еске сала кетсек, Германияда 84 миллион адам тұрады. Дегенмен үкімет жақын арада елде локдаун тәртібі күшейтілуі мүмкін дейді. Науқастар саны өсіп келеді. Өткен тәулікте коронавирус жұқтырған 25 мыңнан аса адам анықталды.

Йенс Шпан, Германияның денсаулық сақтау министрі:

- Індеттің үшінші толқынына төтеп беру үшін жаңа локдаун қажет. Зерттеуімізге сәйкес, эпидахуалды тұрақтандыру үшін карантин 2 аптадан 4 аптаға дейін жалғасуы керек. Осыдан кейін ғана дүкендер жұмысын қайта бастап, дәмхана мен мейрамхана иелері жазғы алаңдарын аша алады. Футбол ойындары да көрермендердің қатысуымен өтеді.