Индонезияда күші 6,7 балдық жер сілкінісінен үйлер қирады

Индонезияда күші 6,7 балдық жер сілкінісі тіркелді.

Табиғи апаттың ошағы Шығыс Ява аралындағы Маланг қаласының оңтүстік-батыс бөлігінен 90 шақырым жерден өтіп, кіндігі 25 шақырым тереңдікте болған.

Twitter желісінде тарап жатқан роликтерден мұнда кейбір жер үйлердің қабырғасы сетінеп, төбелері жерге түскенін көруге болады. Сондай-ақ ғимараттар да бүлінген.

Аталған аймақтың тұрғындары жер сілкінісін сезінгендігін желіде айтып жатыр.

Табиғи апаттан қаза тапқандар мен жараланғандар туралы әзірге ақпарат түскен жоқ.

Аударған: Г.Абилова