Кариб теңізінде 40 жылдан бері алғаш рет жанартау оянды

Кариб теңізінің оңтүстігінде соңғы 40 жылда алғаш рет жанартау оянды. Бұл аралда Сент-Винсент және Гренадина мемлекеті орналасқан.

Елде бар-жоғы 100 мыңнан аса халық тұрады. Лава мен түтіннің адам денсаулығы мен өміріне қатер төндіруіне байланысты билік 16 мың тұрғынды қауіпсіз жерге көшірді.

Куәгелердің айтуынша, көкке шапшыған от-жалынның биіктігі 9 жарым шақырымнан асқан.

Айта кетейік, 1902 жылы осы жанартаудың атқылауынан бір мың адам ажал құшқан.

Сондай-ақ...