БАӘ алғашқы араб әйел ғарышкердің есімін атады

Біріккен Араб Әмірліктері алғашқы араб әйел ғарышкердің есімін атады, ол - Нура Әл-Матруши. Бұл туралы БАӘ премьер-министрі Мұхаммед бен Рашид Әл Мактум Twitter-де жазды.

Бұл туралы Tengrinews.kz сайты РИА Новости порталына сілтеме жасап хабарлайды.

«Бүгін біз БАӘ-ден шыққан екі жаңа ғарышкер туралы мәлімдейміз. Олардың ішінде бірінші әйел-ғарышкер Нура Әл-Матруши, екіншісі – Мұхаммед Әл-Маля», - деп жазды ол.

Премьер-министрдің айтуынша, жаңа ғарышкерлер төрт мың үміткердің ішінен таңдалды. Оларды оқыту жақын арада NASA бағдарламасы бойынша басталады.