АҚШ-та бір тәулікте 82 мыңнан астам адам коронавирус жұқтырды

Құрама Штаттарда бір тәулікте 82 698 адам коронавирус инфекциясын жұқтырды.

Елде COVID-19 жұқтырғандардың жалпы саны 31 миллионнан асты.

Бұл туралы Джон Хопкинс университетінің мәліметтеріне сілтеме жасай отырып, РИА Новости хабарлайды.

Коронавирустан көз жұмған науқастар саны 560 мыңнан асып кетті.