Ливияда халықты жаппай вакциналау басталды

Ливия премьер-министрі Абдельхамид Дбейба коронавирустан вакциналаудың ұлттық бағдарламасы басталғанын мәлімдеді.

Премьер-министр ел азаматтарын екпе алу үшін электронды платформаға тіркелуге шақырды, деп хабарлайды RT.

Дбейба өзі вакцина салдырғанын мәлімдеді. Алайда ол қай вакцина екенін нақтылаған жоқ.

«Біз вакцинаны алу мақсатыда оннан астам елдің басшысымен байланысқа шықтық», деді Ливия премьер-министрі.