Қытайда 21 кенші жер астында қалып қойды

Қытайдың Шыңжаң-Ұйғыр ауданындағы көмір кен орнында 21 жұмысшы жер астында қамалып қалды.

Төтенше оқиға техникалық жұмыстар кезінде болған. Құтқарушылар 8 жұмысшыны жоғарыға аман-есен алып шыққан. Бұл туралы жергілікті Төтенше департаментке сілтеме жасаған «Рейтер» агенттігі хабарлады. Құтқару операциясы әлі жалғасып жатыр. Қосымша арнайы техника жеткізіліп, кәсіби мамандар тартылды.

Айта кетейік, Қытайда жыл сайын кен орындарындағы түрлі апаттан жүздеген адам қаза табады.