Үндістанда вакциналау фестивалі басталды

Үндістанда медицина мекемелері вакциналау фестивалін бастады. Мерекелік-емдік іс-шара 4 күнге созылады.

Мақсат халықты коронавирусқа қарсы вакцина алуға ынталандыру. Бұл елде қаңтар айының ортасынан бері тұрғындарға 100 миллионнан астам доза салынған. Бұл АҚШ пен Қытайдан кейінгі ең жоғары көрсеткіш. Билік бастапқы кезеңде 1 миллиард 350 миллион тұрғынның 400 миллионға жуығын егеміз деп жоспарлаған. Бірақ соңғы кездері бірқатар штатта препарат тапшылығы сезілді. Мұның үстіне коронавирус өршіп барады. Қазір әлемде күн сайын тіркелген 6 науқастың біреуі осы Үндістан азаматы.

Джай Пракаш, Солтүстік Дели округінің мэрі:

- Біз сәуірдің 11-інен 14-іне дейін ел бойынша вакциналау фестивалін тойлаймыз. Бұл премьер-министр Нарендра Модидің екпе алуға байланысты үндеуін қолдау шарасы. Өзім аймағымдағы барлық вакциналау орталықтарын аралап жүрмін.