429,33 519.25 5.73
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Германия мен Норвегияда «AstraZeneca» қанды ұйытатыны расталды

  • 146
  • UPD: 22:49, 11.04.2021

Германия мен Норвегияда «АстраЗенека» вакцинасы қанды ұйытады» деген күдік  расталды.

Неміс елінің Ауруларды бақылау агенттігі осы екпені салдырған 42 адамды зерттеп, олардың қаны қоюланғанын анықтаған. Сондықтан Германия билігі «АстраЗенека»-ны жасы 60-қа толмаған азаматтарға салмау туралы шешім қабылдады. Сондай-ақ Норвегияның мемлекеттік ақпарат құралы медициналық зерттеу нәтижесінде коронавирусқа қарсы егілген 5 адамның қаны ұйып, тромбоциттер табылғанын мәлімдеді. Бұл елде осындай күдік туғалы «АстраЗенека»-ны салуды өткен айда-ақ тоқтатып тастаған болатын.

Гао Жикай, Сучжоу Университетінің профессоры:

- «АстраЗенека» компаниясы осы вакцинаны өте қысқа мерзімде қолданысқа жіберді. Бұл қиын жұмыс. Оны бағалаған дұрыс. Екіншіден, қазір нарықта әртүрлі вакциналар бар, бірақ олар өте аз. Сондықтан бәрімізге әлі де қыруар жұмыс атқару қажет. Осы тұрғыда «АстраЗенека» өз вакцинасын жақсартуы керек.

Хабар 24 телеарнасы